АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Кеше Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын мен Қазақстандағы Швеция Корольдігі Елшілігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Манне Венгборг арасында халықаралық және аймақаралық сауда-экономикалық, екі жақтың әлеуметтік, ғылыми-техникалық және мәдени қарым-қатынасын дамытуды меңзейтін өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.
Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ынтмақтастық шведтік-қазақстандық инновациялар және технологиялар орталығын дамытуға жәрдемдесуді көздейді. Кездесу соңында екі жақ Меморандум аясында жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, ынтымақтастық мәселелерін шешу үшін жұмыс тобын құруға сөз берісті.