Бұл туралы өңір басшысы Instagram -дағы парақшасында жазды.
«Instagram-да парақшамды ашуды жөн көрдім. Облыс әкімі ретінде аймақ жұртшылығын толғандыратын мәселелерді білгім келеді. Ұсыныс-тілектеріңізбен бөлісіңіз, мен ақпарат алмасуға қашанда дайынмын. Сондай-ақ, Facebook пен Twitter-де парақшаларым бар. Ол жерде де хабарласа аламыз», - деп жазды Әбілқайыр Сқақов.
Еске сала кетсек, облыс әкімі 14 ақпанда халық алдында есептік кездесуін өткізеді.