Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арслан Әбдіқалықов отставкаға кетуге өтініш білдіріп, қызметінен босатылды
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асыруына жетекшілік етеді: үдемелі индустриалдық-инновациялық даму, «Бизнестің жол картасы - 2020», «Өнімділік-2020», «Павлодар» АЭА.
Сонымен бірге, Д.Тұрғанов осыған дейін облыс әкімінің орынбасары Арслан Әбдіқалықов жетекшілік етіп келген коммуналдық шаруашылық және абаттандыру сынды салалық бағдарламалардың жүзеге асуын, өндірістік және азаматтық құрылыс бағдарламаларының орындалуын уақытша қамтамасыз ететін болады. Арслан Әбдіқалықов өз қалауымен қызметінен кету туралы өтініш білдіріп, қызметінен босатылды.
Облыс әкімнің орынбасары Арын Орсариев «Саламатты Қазақстан», мемлекеттік тілді дамыту, «Ақпараттандырылған Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов облыстың ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп кешені, экология және қоршаған ортаны, орман, аңшылық және балық шаруашылығын қорғау, жер және су қатынастарын дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді.