Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті
19:01, 05 Наурыз 2022
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов өз өтініші бойынша қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Сәкен Шаяхметов облыс әкімі орынбасарының лауазымынан босатылды.
- Ол өнеркәсіп, индустриялық-инновациялық даму, кәсіпкерлік, туризм және цифрландыру мәселелеріне жетекшілік етті. Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымында 2020 жылғы 20 ақпаннан бастап еңбек етті, - делінген баспасөз хабарламасында.