Әкімдік дерегінше, отставкаға кету өтінішін берген Айзада Құрманова білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік салаларға жетекшілік етеді.
«Айзада Құрманованың қарамағындағы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бұрынғы басшысы сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша айыпталды. Тиісінше, пара алған қызметкерге қатысты шыққан үкім күшіне енді. Сондықтан әкімнің орынбасары отставкаға кетпек болған. Дегенмен облыс басшысы Әбілқайыр Сқақов оны қабылдамай, орнына қатаң сөгіс жариялады», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін орынбасарының жемқорлығы үшін Екібастұздың әкімі отставкаға кеткен болатын .