Павлодар облысы Ауғанстанға 10 млн жұмыртқа жіберді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Павлодар құс» ЖШС Ауғанстанға 10 миллион жұмыртқа жіберді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Рашит Нұрбеков мәлім етті. -  Алғашқы рет «Павлодар құс» ЖШС биыл Ауғанстанға 10 миллион тауық жұмыртқасын жіберді. Қазіргі уақытта тағы да сонша дана өнім жіберуге дайындалып жатыр, - деді Рашит Нұрбеков. - Бұған қоса, 252 мың жұмыртқа Қырғызстанға жөнелтілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың жеті айы ішінде шетелдерге 705 тонна ет пен ет өнімі жіберілді. Соның ішінде, Ресей Федерациясының Новосібір, Омбы, Красноярск қаласына 72 тонна шұжық өнімдері, Алтай өңірі мен Қырғызстанға 424 тонна жартылай ет өнімдері жіберілді. Ал, Ресей, БАЭ мен Түркияға 77 тонна қой еті тасымалданды».  

Ведомство басшысының айтуынша, балдың 6,7 тоннасы Ресей Федерациясына жіберілсе, «ФудмастерТрейд» компаниясы ЖШС мен «Молком-Павлодар» ЖШС Барнауыл қаласына 1,4 тонна сүт пен сүт өнімін жіберген.

Фото: pavlodarnews.kz