Павлодар облысы аумағында барлық бағыттарда жолдар жабылды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Павлодар облысы аумағындағы жолдар жабылды. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Сағат 18.30 бастап қолайсыз ауа райына (көктайғақ) байланысты облыс бойынша барша бағыттарда автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.