Расталмаған ақпараттарға сүйенсек, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 48 жастағы басшысы Ораз Дүзденбаев мемлекеттен субсидия алып отырған шаруалардан мейрамханадағы кәсіби мереке құрметіне арналған салтанатты кешке төлеу үшін ақша жинаған.
Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов бүгін Қазақстан ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында қоластындағы қызметкерінің не үшін ақша жинағанынан бейхабар екенін мәлім етті.
«Мен әзірге еш нәрсе білмеймін. Мәселені ұлттық бюро (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы - ред.) тексереді. Шешімді солар қабылдайды», - деді Б.Қасенов.