Павлодар облысы энергетика және ТКШ басқармасына жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың өкіміне сәйкес Ермұрат Сапарбекұлы Нұрханов Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ермұрат Сапарбекұлы 1979 жылы туған. Білімі жоғары. 2006 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін инженер жүйе техник мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2002 жылы Шарбақты ауданының Чигириновка орта мектебінің компьютер классын жабдықтау жөніндегі инженері болып бастады.

2003 жылдан бастап 2012 жылға дейін Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман, сектор, бөлім меңгерушісі, басшы орынбасары қызметтерін атқарды.

2012-2013 жылдар аралығында Павлодар қаласының Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болды. 2013-2014 жылдары - Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болды. 2014-2015 жылдар аралығында Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.

2015 жылғы маусымның 22-нен бастап өздігінен жұмыс атқаруда.