АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Павлодар облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ернұр Байқұрмановты, МКД облыстық басқармасы Тергеу бөлімінің басшысы Азамат Бейсембаевты және жедел уәкіл Д.Мағзұмовты ұстады. Мемлекеттік қызметшілер 100 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды pavоn.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері күдікті тұлғаларға қатысты жедел-тергеу шараларын ұйымдастырды. Олардың жұмыс кабинеттерін және тұрғылықты жерлері бойынша тінту жұмыстарын жүргізді. ҚР ҚК 366-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлерінің көмегіне «Заман» компаниясының жетекшісі Абгушинов есімді азамат жүгінген. Оның фирмасы Екібастұзда көмір өндірумен айналысады.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.