деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Пішен шабу барлық аудандарда басталды, биылғы маусымдағы көк балауса түсімі өткен жылға қарағанда үш есе жоғары.
Шарбақты аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, далалық жерлердің гектарынан тоғыз центнерден пішен жинамақшы, Өспен және Лебяжі аудандарында сегіз центнерден өнім алынбақшы.
Ертіс суының жайылуы кезінде жетіспеген ылғалдың орнын жазғы жауын толықтырды. Ауыл адамдары қысқы мал азығын артығымен жинап алуға құлшыныс танытып отыр.