«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімов Павлодар облысының полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды. Ол өзі қызметтен босату жөнінде рапорт берген», - деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, Павлодар облысы ІІД бастығының міндетін полиция полковнигі Жасқайрат Иманбекұлы Қайыров атқарып отыр.