Павлодар облысы ҮИИД бойынша Үйлестіру кеңесі өңірлік Индустрияландыру картасына 12 жаңа жобаны енгізді
10:50, 29 Қаңтар 2013
ПАВЛОДАР. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Павлодар облысы ҮИИД бойынша Үйлестіру кеңесі өңірлік Индустрияландыру картасына 12 жобаны енгізуді және төрт жобаны мониторингке қоюды ұсынды,
деп хабарланды облыс басшысының баспасөз қызметінен.
Кеше өткен кеңес отырысында Екібастұздан 100 шақырым жерде қуаттылығы 50 МВт электр стансасының құрылысы жөнінде «Павлодар» ӘКК жобасы қарастырылды. «Құнан» фирмасы «Баспана құрылысы үшін темірбетонды құрылғылардың өндірісін», «ВитаДорСтрой» жүк тіркемесімен «Фотон» жүк көліктерін құрастыру жобасын таныстырды.
«Андас», «Кирова», «Иртышское», «Пресновское» және «Галицкое» ауылдық тауарөндірушілер кеңеске 800-ден үш мың гектар алқапқа дейін суармалы екпежерді құру бойынша жобаны енгізді.
16 инвестициялық жобаның жалпы құны 67 млрд. теңгені құрады. оларды іске асыру 2,5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға септігін тигізеді.