Бірінші орынды Жамбыл облысы иеленсе, екінші орында Маңғыстау облысы және үшінші орында Павлодар облысы тұр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуеновтың айтуынша, бұл көрсеткіш - балаларды патронаттық және қамқоршылыққа беру бойынша атқарылған жұмыстың жемісі. - 2015 жылдан бастап 36 асырап алушыға ата-ана қамқорлығынан айырылған баланы асырап алу бойынша 5 млн 434 теңге көлемінде берілген. Сондай-ақ, жеткіншектерді қамқорлыққа алған азаматтарға балаларды асырауға 10 айлық есептік көлемінде (АЕК) ай сайынғы төлем қарастырылған. Бұдан басқа, 2006-2015 аталған санаттағы 339 бала баспанамен қамтамасыз етілді. Ал, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде 27 бала баспаналы болды, - дейді Ернұр Дәуенов.