Павлодар облысына Моңғолиядан 13 отбасы көшіп келді

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысына моңғолиялық қандастарымыздан 13 отбасы көшіп келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дүниежүзіқазақтары қауымдастығының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шет елде жүрген қандастар тағдырынан бір сәттеқол үзбей, тікелей араласуының негізінде бауырларымыздың туған жеріне қонысаудару легі жалғасуда. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және «Отандастарқоры» КЕАҚ-ның пилоттық жобасы аясында Моңғолияның Қобда, Баян-Өлгейаймақтарынан Қазақстандағы туыстарына қосылып, ұрпақтарын атамекенге жеткізумақсатында Павлодар облысына көп балалы 13 отбасының 80 адамы көшірілді», делінгенхабарламада.

Айта кетерлігі,Қазақстанға біржолата көшіп келуге ниет білдірген қандастарымыз негізіненәлеуметтік, тұрмыстық жағдайына байланысты өздігінен көшіп келе алмайтын еді. Сондықтан,бұл игі шара «Отандастар қоры» КЕАҚ–ның қолдауымен Дүниежүзі қазақтарыныңқауымдастығы Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыруымен іске асырылды.


«Көшіп келген қандастар арасында 13 баланы өміргеәкеліп өсіріп, жеткізген ардақты ана Қайша апамыз өзінің қолындағы кенже ұлымен келінінің 6 баласымен бірге атамекенге келіп отыр. Сондай-ақ, жасөспірімоқу жасындағы 46 бала, 4 студент, 1 зейнеткер, еңбек жасындағы 29 азамат көшіпкелді. Олардың ішінде ағылшын тілі, бастауыш сынып мұғалімдері, техникамамандары, механизатор, мал дәрігері, медицина саласының маманы, басқада арнайыоқу орталықтарын бітірген тәжірбиелі мамандық иелері бар», - делінген баспасөзбаянында.

Моңғолиядан көшіп келуші отбасылар мүшелерін жәнеотбасының тұрмысқа қажетті қолданыстағы мүлік, жеке үй жүктерін РесейФедерациясының Алтай өлкесінің Ташанта кеден бекеті арқылы шекарадан алыпөтуіне байланысты келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін Дүниежүзі қазақтарықауымдастығының бас менеджер Алтай Алмат Тұрсынбекұлы және «Дүниежүзіқазақтарының қауымдастығы» РҚБ-нің Павлодар облыстық филиалының басшысы БолатЗаутұлы мен «Отандастар қоры» РФ Омбы қаласындағы Қазақстан РеспубликасыКонсулы қызметкерлерінің көмегіне жүгінген болатын. Осындай бірлескеншаралардың нәтижесінде қандастарымыз аман есен елге жеткізіліп отыр.

Көшіп келушілер Павлодар қаласындағы «Қоныстанушылармен оралмандарды уақытша бейімдеу орталығында» бір апта болып, Павлодарқаласының тарихи орындары мұражайларымен танысып, бірқатар құқықтық кеңес алып,құжаттарын рәсімдеп, медициналық тексеруден өтеді. 

Одан кейін, Екібастұзқаласының, акедемик Әлкей Марғұлан атындағы ауылына 9 отбасы, Павлодар ауданына2 отбасы, Ақсу қаласының Достық, Ақжол ауылдарына 2 отбасы, Тереңкөл, Майаудандарына қоныстанады деп жоспарлануда. Көшіп келген отбасылары түгелдейбиылғы жылғы оралмандардың өңірлік квотасына еніп, мемлекет тарапынан әр адамға88 375 теңгеден бір жыл бойы үй жалдап тұратын қаражат беріледі. Балалары оқуорындарына, еңбек жасындағылар жұмысқа орналасады.


Соңғы жаңалықтар