Павлодар облысына отандастарымыздың 125 отбасы келмек
12:28, 26 Сәуір 2014
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы биылғы жылы Өзбекстан, Моңғолия мен Ресей Федерациясынан келетін отандастарымыздың 125 отбасын қарсы алады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Қоныс аударушыларды бейімдеу мен біріктіру бойынша кешенді жоспар бекітілді. Өңір басшысы Қанат Бозымбаев қалалар мен аудандардың әкімдеріне көшіп келуші отбасылардың орналастырылып, жұмыспен қамтылып, бейімделуі үшін барлық қажетті жағдайларды жасауды тапсырды.
Олар Павлодар, Екібастұзға және өңірдегі тоғыз ауылға орналастырылады.
Павлодар облысы ҚР Үкіметінің «Оралмандарды орналастыру үшін аймақтарды анықтау туралы» Қаулысымен оралмандарды қоныстандыру аймағы ретінде анықталған», делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.