Аумақтық экономикалық тергеу департаменті Қазақстаннан Ресей Федерациясына заңсыз шығарылмақ болған 480 тоннадан астам АИ-92 бензинін тәркіледі.
«Жанар-жағармай материалдары теміржол цистерналарында еріткіш деп шығарылмақ болған», - делінген Экономикалық тергеу департаментінің хабарламасында.
Тәркіленген жүктің жалпы сомасы – 2,8 миллиард теңге.
Аталмыш факті бойынша сот алды тергеу жүріп жатыр.