Павлодар облысында 14 ауылға таза ауыз су берілді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының тағы 10 мың тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 қарашада Май топтық су құбырында (МТСҚ) су тазартатын технологиялық жабдық іске қосылып, Май ауданының 10 мың адам тұратын 14 ауылдық елді мекені тазартылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. 15 желтоқсанға дейін Көктөбе ауылындағы кентішілік желілердің екінші кезеңінің құрылысы аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, МТСҚ құрылысына тапсырыс беруші - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті, бас мердігер - «Қазсушар» РМК. Ал 14 ауылдық елді мекендегі кентішілік желілер құрылысына тапсырыс беруші - Май ауданының әкімдігі.