«Қайғылы оқиға кеше Торайғыр көлінде болған. Жас жігіттің арнайы жабдықталмаған жағажайда суға шомылып жүріп батып кеткені туралы хабарлама ТЖ департаментіне сағат 14:20-да келіп түсті. Сағат 14:40-та оның денесін табу үшін Екібастұз қаласынан сүңгуірлер тобы жіберілді. 17:05-те олар жігіттің денесін судан алып шықты» делінген Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қаза тапқан жігіт – Баянауыл ауданындағы Лекер ауылының тұрғыны. Ол Нұр-Сұлтан қаласының Аграрлық университетінде оқыған. Көлде достарымен бірге демалып жүрген.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып, қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.