Павлодар облысында 2 қабатты салық басқармасының ғимараты өртенді - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 2 қабатты салық басқармасының ғимараты өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Кеше, 2 қыркүйекте, Қарағанды облысында Степная 28 көшесі бойындағы жекеменшік үйдің шаруа құрылымдары, сондай-ақ гаражда тұрған «Ауди» көлігі өртенді. Жалын шарпыған аумақ 20 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды сөндіру барысында 1963 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Орын алған төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Сол күні Павлодар облысына қарасты Тереңкөл ауылында 2 қабатты салық басқармасының ғимараты өртенді. Жалын 6 шаршы метр жерді шарпып өтті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.