Павлодар облысында 30 адам тәтті тоқашқа уланып қалды

АСТАНА. Шілденің 11-і. ҚазАқпарат - Павлодар облысында Екібастұз қалалық инфекциялық ауруханасына шілденің 8-інен бері «инфекциялық гастроэнтероколит» диагнозымен 30 адам түсті,

деп хабарлайды  ҚазАқпарат  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.

Бірінші күні  ауруханаға  6 адам түссе,  екінші   күні (шілденің 9-ында) -7,  келесі күні    тағы 17  адам түскен.   Төтенше жағдайлар  министрлігінің ақпараты  бойынша,   олар  кондитерлік тамақтан  уланған.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемологиялық қадағалау   басқармасы     санитарлық-микробиологиялық   зерттеу  жүргізіп    жатыр.    Істің мән-жайы   Екібастұз қаласының СЭС  басқармасы  мен     төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының  қарауында.