Павлодар облысында 4 жасар ұлдың өліміне ағасы кінәлі болып шықты
Бұл туралы Ақсу қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Естеріңізге сала кетсек, Темірлан бесінші тамыз күні Ақсу ауылындағы жағажайлардың бірінде жоғалып кеткен . Бірнеше күн бойы ТЖД қызметкерлері тінтіп іздеу шараларын өткізді.
«Іс материалдары бойынша Темірланның туысы болып келетін азамат достарымен бірге Ақсу ауылының маңына шомылуға келген. Ата-анасы оны балаға ие болуды міндеттеген. Алайда төрт жасар ұлдың ағасы жауапсыздық танытып, баланы қараусыз қалдырған. Нәтижесінде, бала суға кетіп қалған », - деп жазылған хабарламада. Ақсу қалалық сотының мәліметінше, 2015 жылдың 30 қыркүйектеі тергеуші мен айыпталушы арасындағы сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында, айыпталушы өз кінәсін мойындаған. «Сот шешімімен ҚР ҚҚ 141-бабының екінші бөлігі бойынша, «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісті дәрежеде орындамау» негізінде айыпталған ағасы екі жыл алты айға бас бостандығына шектеу қойылды», - деп жазылған ресми хабарламада. Үкім заңды күшіне енген жоқ.