Азаматтық хал-актілерін тіркеу ұйымының ақпаратына сүйенсек, 2018 жылы 1000 неке қиюға, 850 ажырасу келеді. Осылайша, отбасы құрғандар саны 4,7 пайызға төмендеп, ажырасқандар саны 7,4 пайызға өскен.
«Ертіс өңіріндегі ең жас - 16 жастағы үш қалыңдық некеге тұрған. Ал жігіттердің арасында 17 жастағы екі бозбала күйеу бала атанған. Сондай-ақ, неке қиғандардың ішінде 87 жастағы қалыңдық пен 89 жастағы ер адам бар», - дейді өңірлік статистика департаментінің басшысы Дана Сұлтанова.