«Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында облыста 5,5 мың орынға арналған жаңа форматтағы 5 мектеп салынады. Олардың екеуін биыл бастауды жоспарлап отырмыз», - деді облыс басшысы.
Сондай-ақ, биыл облыстың үш ауылында жаңа мектеп салынып, осы арқылы өңірдегі апатты мектептер мәселесін толығымен шешу көзделіп отырған көрінеді.
«2026 жылға дейін жаңартуды қажет ететін 176 мектепті күрделі жөндеу жоспарда бар.
Қалалар мен аудандарда аулаларды кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл облыстың қалалары мен ауылдарда 230-дан астам ауланы абаттандырамыз.
Бұқаралық және кәсіби спортты дамыту бағытында 14 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен түрлі форматтағы 300-ден астам жаңа спорт алаңдарын салынады», - деді Асайын Байханов.
Аталмыш шарада облыс әкімі өңірдегі онкологиялық аурулардың көрсеткішін төмендету бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталды.