«24 желтоқсанда сағат 09:30-дан бастап ауа райының нашарлауына (боран, көрудің нашарлауына) байланысты Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті (205-259-шақырымдары) автожолындағы қозғалыс Ақмола облысының шекарасына дейін барлық көлік түрлері үшін шектелді», - деп хабарлады Павлодар облысының ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
12:08, 24 Желтоқсан 2019
Павлодар облысында Ақмола аймағына дейінгі тасжол жабылды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Аймақта боран мен жол көрінісінің нашарлауына байланысты тасжол жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.