Павлодар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
11:41, 09 Мамыр 2020
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
9 мамыр күндіз шығыстан күшті жел соғады. Жел жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар қаласында да желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді.