«Сағат 20.30, Павлодар қаласы Кенжекөл ауылы, резиденцияға бірінші кіреберіс жол жақта қураған қамыс өртеніп жатыр. Өрт сөндіру қызметкерлері жалын 4 гектар аумақта жанып, таралып жатқанын анықтады. Жерлер мемлекеттік орман қорына жатпайды. Павлодар облысы, Зарин ауылдық округіне тиесілі», - делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ренат Валишанов мәлім еткендей, жақын маңдағы елді мекендер мен мемлекеттік орман қорына қауіп төніп тұрған жоқ.
Жану орнына 3-ӨБ, 11-ӨБ, МӨБ-1, Кенжекөл ауылының өртке қарсы ерікті құрылымынан 5 адам мен 7 өрт сөндіру техникасы, бір жеңіл автокөлік жұмылдырылды.