Павлодар облысында ауыл тұрғыны үйінің аумағынан 30-дан астам артиллериялық оқ-дәрі тауып алды

None
АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Павлодар облысында ауыл тұрғыны өзінің шаруашылық қызмет атқаратын нысанынан 30-дан астам артиллериялық оқ-дәрі тауып алды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен атап көрсеткендей, алынған хабарға сәйкес Ленин кентіне дереу жеткен шұғыл әрекет етушілер, табылған заттар - артиллериялық снарядтар екендігін анықтаған. Нәтижесінде, жақын маңдағы үйлерден 25 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, заттар ауыл шетіне шығарылды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлары келгенше аумаққа тәулік бойғы күзет қойылды.