Павлодар облысында ауыр жүк машиналары түнде ғана жүруі мүмкін

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Болат Бақауов облыстық мәслихаттың кеңейтілген сессиясында жолдардың сақталуы керектігіне ерекше назар аударды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Өңір басшысы атап кеткендей, «Нұрлы жол» бағдарламасыаясында 2019 жылы «Орталық-Шығыс» көлік дәлізінің құрылысы аяқталады. Оған қоса, биыл 337,3 шақырымдық жолқұрылысы еңсеріледі.

«Бұл мақсатқа 14 миллиард теңге көзделген, ал жолдардыкүтіп ұстауға алты миллиард теңге бөлінген. Жыл қорытындылары бойынша «жақсыжолдар» көрсеткіші 81 пайызға жетеді. Осы орайда, жолдардың сақталуына ерекше назар аударғымкеледі. Егер оған ұқыпты қарамасақ, жақсы жолдардан айырылып қаламыз»,- дедіБолат Бақауов.

Облыс әкімі өңіржолдарына мөлшерден тыс жүк түсіп жатқанын атап, аптап ыстық кезінде ауыр жүкмашиналарын түнгі уақытта жүргізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

«Әлбетте, құрылыс жұмыстарын тоқтата алмаймыз. Дегенмен, жолдардан айырылып қалуымызмүмкін. Құзырлы органдарға осы мәселені қадағалап, қалыптасқан жағдайды реткекелтіруді тапсырамын. Қалқаман-Баянауыл-Алексеевка жолы былтырғы жылы жөндеуденөтісімен көлік жүрісі өзгеріп, Қарағандыға баратын жүк машиналары осы жолменжүретін болған. Егер осы жолды қадағаламасақ, бұл жолды әп-сәтте жоғалтамыз», - дейді Болат Бақауов.

Өңір басшысы қала мен аудан әкімдеріне республикалықжәне жалпы кез келген тас жолдарға өте ұқыпты қарауды бұйырды.

Соңғы жаңалықтар