- Сағат 15.30-да Мичурин ауылы маңындағы Омбы -Майқапшағай автожолының 384 шақырымында ГАЗель маркалы автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі ілеспе бағытта келе жатқан трактормен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан шағын автобус аударылып қалған, - дейді облыстық полиция департаментінде.
Аталмыш факт тіркеліп, тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптама тағайындалды.