Павлодар облысында әйел екі баласымен бірге Ертіске батып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Әйел басқарған жеңіл көлік ішінде екі баламен бірге Ертіске батып кетті, көліктегілердің барлығы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«25 тамыз күні сағат 22:53-те Павлодарское ауылында Ертіс өзенінен құтқарушылар 1980 жылы туған ананың, сондай-ақ оның 6 және 9 жастағы екі баласының денесін алып шықты. Олар отырған жеңіл көлік 21:40-та өзенге түсіп кеткен», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Оқиға орнында 5 адам және 2 техника жұмыс істеді.

Еске сала кетейік, Түркістан облысында Сырдария суына 11 адам батып кетті.