Павлодар облысында азық-түлік жәрмеңкелерін өткізуге тыйым салынды
Құжат бойынша 7 тамыз күні сағат 00.00-ден бастап бірнеше санаттағы нысандар мен қызмет түрлеріне тыйым салынбақ.
Нақтырақ айтсақ:
- жабық ғимараттарда және ашық орындарда банкеттер мен үйлену тойларын, мерейтойлар мен еске алу жоралғыларын, митинг, шеру, көрме, конференция сияқты халық көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге;
- жеке үй-жайлар мен кұрылымдарды бұқаралық шараларды өткізу үшін жалға алуға;
- караоке, кальян бөлмелерінің, букмекерлік кеңселер мен бильярд залдарының, ойын және түнгі клубтардың, компьютерлік клубтар мен боулинг орталықтардың қызметіне;
- облысаралық, облысішілік, қалааралық (Павлодар-Ақсу, Палодар-Кемеңгер, Павлодар-Заңғар бағыттарын қоспағанда) автобус, шағын автобуспен жолаушылар тасымалына, облысаралық, қалааралық тұрақты емес туристік тасымалдарға;
- балаларға арналған ойын-сауық орталықтарының қызметіне (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар);
- мәдениет обьектілеріннің қызметіне (дайындықтар);
- театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының қызметіне;
- спорттық іс-шаралар өткізуге (турнирлер, жарыстар және т.б.);
- еске алуларды (жабдықтар) өткізуге;
- банкет залдарының қызметіне;
- кеңестерді (отырыстарды) офлайн өткізуге;
- демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыруға тыйым салынады.