Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Ленин кентіндегі балықтардың жаппай қырылуына қатысты түсінік берді.
«Аталмыш факт бойынша уәкілетті органдар ғылыми ұйымдар мен ветеринарлық қызметтерді тарта отырып, тексеріп шықты. Балықтардың қырылуы тереңдігі 1,0-ден 1,5 метрге дейін болатын су қоймасының толық мұздауына байланысты екені анықталды. Су мен балық сынамалары алынды, сараптама қорытындысы балықтарда патология жоқ екенін көрсетті», - дейді ведомствода.
15 сәуірде жағалауды балықтан тазарту жүргізіледі.
Еске салсақ бұған дейін, Павлодар облысындағы Қарасу өзенінде балық қырылғаны туралы жазған болатынбыз.