Павлодар облысында бензин саудасында проблемалар болмайды

None
ПАВЛОДАР. Желтоқсанның  2-сі.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -    Павлодар облысында  бензин  саудасында  проблемалар болмайды, 

деп    баян  етті     қала мен аудан әкімдері  аймақ  басшысы Бақытжан Сағынтаевтың  қатысуымен  өткен    селекторлық кеңесте.

 Облыстың  аудан орталықтары мен   қалаларындағы көптеген май  құю стансылары    АИ-92,  АИ-93  бензиндерінің бағаларын, мемлекет белгілеген  82 теңгеге  дейін     төмендетіп  отыр,  деп     мәлім етті  әкімдер.

 Дегенмен,     стансылар   бензиннің    біраз бөлігін   82 теңгеден жоғары бағамен   өткізуде,    себебі  олар     қымбаттау  бағамен алған  бұған дейінгі  қорларын    сатуда.  Кейбір  стансылар    машиналарға  майды  талондармен    құйған.

 Облыс әкімі     бензинмен байланысты жағдайды     назарда ұстауды міндеттей келе, «жоғары  октанды  отынның қажетті  мөлшерін   «Гелиос» ЖШС  мен  « ҚазМұнайГаз» Сауда  үйі»  компаниясы   жеткізеді»,  деп   мәлім етті.

 Барлық  май  құю  стансылары АИ-92, АИ-93    бензиндерін мемлекет  белгілеген   бағамен  сатулары керек. «Құныққандар» клиенттерін  жоғалтады,  ақшадан қағылады -    жүргізушілер        арзандау  бензин сататын   май  құю  стансыларына баратын   болады»,  деп атап көрсетті әкім өз сөзінде.