Павлодар облысында бес ай ішінде электр байланыс қызметі 3,4 млрд. теңгені құраған
10:45, 19 Маусым 2010
ПАВЛОДАР. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы электр байланыс кәсіпорны қаңтар-мамыр айларында тұрғындарға 3,4 млрд.теңге көлемінде қызмет көрсеткен,
деп хабарлады статистика департаменті.
Қызмет көрсетуден түскен кірістердің құрылымында ең көп үлеске ие болып отырған халықаралық және қалааралық телефон байланысы - 26,4 пайыз, жергілікті (қалаішіндегі) телефон байланысы 24,4 пайызды құраса, ғаламтор желісіне қосылу қызметі - 20,2 пайыз.