Бұл туралы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.
«28 маусым, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Павлодар облысының барлық стационарларында 2188 адам жатыр. Оның ішінде 1412 - пневмониямен, 159 - ЖРВИ-мен түскен. Өткен сенбіде амбулаторлық емдеуге 823 науқас алынды, 158 адам шығарылды. Жалпы, амбулаториялық емдеуде жəне емханалардың бақылауында 3365 адам бар», - деді басқармада.
Бүгіннен бастап Павлодар темір жол ауруханасында 100 провизорлық орын ашылды. Осылайша, өңірде провизорлық төсек-орын саны 1852-ге дейін өсті.