Павлодар облысында бір күнде екі адам суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 тамыз күні Павлодар облысында екі адам суға батып, көз жұмды, Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Кеше Ақсу ауылдық аймағына қарасты Еңбек ауылында  сағат 11:05-терде 54 жастағы ер азамат Ертіс өзенінің тыйым салынған бөлігінде шомылып, суға батып кетті. Дәл сол күні Павлодар қаласында да ұқсас жағдай орын алды. 17:45 минут шамасында төменгі жағалауда Ертіс өзенінің бақылаудан тыс бөлігінде шомылған 28 жастағы ер азамат көп жұмды. Усолка өзенінде құтқарушылар 22 жастағы жігітті аман алып қалды», - деді ТЖД мамандары.

Облыстық ТЖД өзен-көлдердің тыйым салынған бөліктерінде шомылуға болмайтынын қатаң ескертеді.