Павлодар облысында мемлекеттік шекарадағы автокөлік өткізетін 4 пунктіде азаматтардың ел аумағына келуіне мониторинг тәулік бойы жүргізіледі.
Соңғы тәулікте шекарадан 234 адам өткен. Оның ішінде 81 - жаяу жүргінші және 153 жүк көлігінің жүргізушісі. Анықтамасыз келген 3 қазақстандық карантиндік стационарға орналастырылған. Автокөлік өткізу пунктерінде өткен тәулік ішінде коронавирустың расталған жағдайлары тіркелген жоқ.
Сонымен қатар ТМД-ның 5 азаматында коронавирусқа ПТР-тестілеу туралы анықтаманың болмауына байланысты ҚР аумағына кіруіне тыйым салынды. Олардың арасында Ресейдің – үш, Қырғызстанның екі азаматы бар.
Шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап облысқа барлығы 71 715 адам келді. Оның ішінде халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын 45 922 жүргізуші және 25 793 жолаушы шекарадан өтті. 21 053 ПТР-тексеру жүргізілді, симптомсыз коронавирустың 142 жағдайы анықталды.