Павлодар облысында «Бірге – таза Қазақстан» акциясына 10 мыңнан астам адам шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Бірге – таза Қазақстан» акциясы аясында Усолка өзен алқабының аймағы мен Ертіс өзені арқылы өтетін ескі автомобиль көпірінің артындағы учаске тазартылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Тазалық шарасынажиналғандарды облыс әкімі Болат Бақауов айналаны қоршаған ортаға бей-жайқарамауға шақырды.

- Бүгін барлықаудандар мен қалаларда «Бірге - таза Қазақстан» акциясы жүргізілуде, - дейдіаймақ басшысы. – Былтыр облысымызда Экология жылы деп жарияланды. Бізбалаларды мектеп қабырғасынан бастап қоқысты жеке жинауға үйреттік. Жаңаданқұрылған Экология министрлігі акция өткізуді ұсынды және оған барлық облыстар,премьер-министрлер, барлық деңгейдің әкімдері қосылды. Бұл бір реттік шараболмауы тиіс.

Сенбіліккемемлекеттік органдар мен мекеме ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері,«Жасыл ел» және «Жас Отан» жастары қатысы.

- Балаларымызбен бірге акцияға келдік, - дейдіқала тұрғыны Мәдина Жақыпова. - Бұл үлкен жауапты іс. Отбасымызбенқолдадық. Жыл сайын осындай шаралар ұйымдастыру қаланы көркейтуге тәрбиелейді.Балаларды тәртіп пен тазалыққа кішкентай кезінен үйретеміз.

Квадрациклистерклубынан он бес адам қоқысты бірден шығару үшін техникамен келген.

- Жарты сағаттыңішінде судың жағасынан он шақты қап шығардық, - дейді кәсіпкер Виктор Ромакер.- Көбінесе пластик кездеседі. Біздің Еуропадан қай жеріміз кем? Өкінішке орай, адамдар тынығуға келгендетазалықты сақтау қажет екенін ескере бермейді.

Айта кетерлігі,акцияға облыс бойынша 10 мыңнан астам шықты.