Павлодар облысында биыл 7 мыңнан астам балғын қазақ сыныбына барады

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында мектеп алаңдары шағын орталықтарды жабу есебінен босатылады және қосымша сыныптар ашу әрбір мектептің білім беру жағдайын ескере отырып жүргізіледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттіктің жолдаған ресми сауалына бергенжауабында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаевмәлім етті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 1 сынып оқушылары үшінқосымша 100-ден аса сынып жиынтығы ашылады. Павлодар қаласында № 12 (2 топ, 53бала), № 31 (1 топ, 20 бала), № 42 (2 топ, 58 бала) мектептерінде үш шағынорталық жабылды. № 36ЖОМ шағын орталығында топтар саны қысқартылды (4 топтың ішінде 2 топ, 50 балақалды). Екібастұз қаласында № 9 (2 топ, 48 бала), № 23 ЖОМ (2 топ, 32 бала)жанынан екі шағын орталық жабылды»,- дейді Жомарт Қарамбаев хаттыңжауабында.

«Осы бағыттағы жұмыс кезең-кезеңмен жалғасады. 2019-2020 оқу жылы 1 сыныпқа 14мыңнан астам балғынды қабылдау күтілуде. Оның 8 мыңнан астамы - алты жастағыбалалар. 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау тамыз айының соңына дейін жалғасады.7000 баланы қазақ тілінде оқыту жоспарлануда. Биылғы жылы 1 тамыздағы жағдайбойынша Павлодар қаласында 1 сыныпқа қабылданған балалардың ең көп саны № № 22,39, 9, 42, 29, 24, 34, 25 мектептерде тіркелген. 1 сынып оқушыларыноқулықтармен қамтамасыз ету 100 пайызды құрайды».

Еске сала кетейік,былтырғы жылы жаңа оқу жылында 12 мыңнан астам бала мектеп табылдырығын аттады.Бұл 2017 жылменсалыстырғанда 3 мың оқушыға артық.

Соңғы жаңалықтар