Павлодар облысында болған өрт үш адамның өмірін қиып кетті, оның екеуі - балалар

АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Павлодар облысында орын алған өртте үш адам қаза тапты, оның екеуі - балалар.

ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мамырдың 3-і күні кешқұрым Шарбақты ауданы, Богадаровка ауылындағы жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, ол 20 шаршы метр аумаққа жайылған.

Отты сөндіру барысында құтқарушылар 41 жастағы әйел мен 4 және 3 жастағы екі баланың денелерін тапты.

Тілсіз жау ТЖМ Павлодар облысы бойынша өртке қарсы қызметінің күшімен 2 сағаттан кейін ауыздықталды.