Павлодар облысында денсаулық сақтау мекемесі халыққа 4,6 млрд. теңге көлемінде қызмет көрсеткен

None
ПАВЛОДАР. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының халқына денсаулық сақтау мекемесі мен әлеуметтік қызметтің осы жылдың бірінші тоқсанында көрсеткен қызметінің көлемі 4,6 млрд. теңге болды,

деп хабарлайды статистика департаментінің баспасөз қызметі.

Оның ішінде 88,7 пайызы - мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен алынған, 8,2 пайызы - халықтан жиналған қаражат, 3,1 пайызы - кәсіпорындардың қаражаты.

Қызметтің ең көп мөлшерін аурухана мекемелері көрсеткен - 2,8 млрд. теңге немесе 60,6 пайыз. Дәрілік тәжірибемен айналысатын ұйымдар 1,2 млрд. теңгеге, яғни 26,1 пайызға қызмет көрсеткен.

Халыққа 191 мекеме медициналық көмек көрсетсе, 29 ұйым әлеуметтік қызмет танытқан.