Павлодар облысында екі адам суға батып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Ертіс өзенінде екі адам ажал құшты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұлтуралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Сағат 14.54-те Павлодар қаласы Ертіс өзенінде орталықжағажайда 1976 жылғы ер адам суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.Жедел құтқару жасағынан 4 адам екі техниканың көмегімен іздеу жұмыстарын аттанған»,- дейді департаментте.

Сағат 15.05-тежағадан 10 метр қашықтықта, бір метрдей тереңдікте анықталған ер адамның денесіполиция қызметкерлеріне тапсырылған. Сондай-ақ, шамамен сағат сегізде Май ауданының Жалтырауылында Ертіс өзенінде балық аулап отырған 1977 жылғы ер адам батып кеткен.Оқиға орнына екі адам мен бір техника шығып, сол күні сағат тоғызда мүрдені судан алып шыққан. 20 шілде күнісағат 18.17-те Ертіс өзенінде үш адам отырған «Казанка» мотор қайығы аударылыпқалған. Олардың екеуінде құтқару желеткелері болмаған. Құтқарушылар үшеуін дежағаға жеткізді.

«Ешқайсысынамедициналық көмек қажет болмады. Катер жүріп өткен кезде 1975 жылғы кеменіжүргізуші баланстан айырылып қалған. Қасындағылары 1985, 1988 жылғы азаматтар,- дейді ТЖД қызметкерлері.