Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жедел-іздестіру қызметі басқармасының басшысы Максим Пахно мәлім етті.
«Көлеңкелі экономикаға қарсы тұру бағытында едәуір жұмыс жүргізілуде. Биыл жасырын жұмыс істеген екі казино анықталды. Оның бірі тотализатор және бингомен байланысты болған. Жұмыс істеу үшін лицензия алған. Дегенмен, ішінде шын мәнінде казино және рулетка тұрған. Адамдар ұтыс қойған және букмекерлері болған. Екіншісінде де диллер, рулетка болған казиноның жұмысына тосқауыл қойылды»,- дейді Максим Пахно.
Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекетке 4,67 млрд теңге залал келтірілген. Сонымен қатар 847,6 млн теңге сомасына тосқауыл қойылған. Мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз қайта өндеу, тасымалдау, сатып алу, сату, сақтау бойынша алты факті, ақшаны немесе басқа мүлікті заңдастырудың тоғыз фактісі, ұлттық және шетел валютасының шетелден қайта оралмауы бойынша екі факті, экономикалық контрабанда және кедендік төлем мен салықтарды төлеуден жалтарудың бір, қасақана және жалған банкроттау бойынша бір, салық төлеуден жалтару бойынша 15, жұмысты нақты орындамай шот-фактураларды жазу бойынша әрекеттерді жасауға қатысты 14 факті, алкоголь өнімін өндіру бойынша жасырын цехтарды анықтау бойынша төрт факті тіркелген.
20:43, 27 Қыркүйек 2018
Павлодар облысында екі казино жасырын жұмыс істеген
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 2018 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша экономикалық тергеу қызметі 134 қылмыстық істі аяқтады. Оның ішінде 42 қылмыстық іс сотқа жіберілсе, ақталмаған негіз бойынша 61 қылмыстық іс тоқтатылған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.