Полицияның өңірлік департаментінен хабарланғандай, көлік апаты 2020 жылы 21 қараша күні сағат 23:30-да, «Павлодар-Омск» автожолының 31-ші километрінде болған.
«Павлодар ауданының Сычевка ауылында ВАЗ-2107 мен Lada Vesta маркалы көліктері бетпе-бет соқтығысты. ВАЗ-2107 көлігінің 53 жастағы жүргізушісі мен Lada Vesta көлігінің 40 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды. ВАЗ-2107 көлігінің жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Көлік апаты бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр.