Мысалы, экология саласын талдау нәтижесі бойынша 13-ке жуық сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталған.
Атап айтқанда, бұл адам денсаулығына қауіпті зиянды заттарды өлшеу үшін техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілмеуі, өнеркәсіптік кәсіпорындарға рұқсат құжатын заңсыз беру фактілері және басқалар.
Барлық тәуекелдер бойынша оларды дереу жою бойынша ұсыныс берілді.
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай отырып, облыс әкімі Асайын Байханов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің өңірлік картасын іске асырудың өзектілігін атап өтті.
Сондай-ақ қала-аудан әкімдеріне, мемлекеттік орган басшыларына қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігін еске сала отырып, бағыныстыларға бақылауды күшейтуді тапсырды.