«Май ауданындағы Малайсары ауылында 8 сәуір күні сағат 16.30-да өрт шықты. «Қазанғап» шаруа қожалығына қарасты уақытша салынған үйлердің біріндегі көмірмен жанатын пештен адамдарға ыс тиген. 1976 жылы туған ер адам бірден көз жұмған. 1975 жылғы тағы бір ер адам ауруханаға жатқызылды», -деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
19:12, 09 Сәуір 2018
Павлодар облысында ер адам ыс тиіп көз жұмды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы Малайсары ауылында пештен шыққан ақау салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.