Павлодар облысында Ертіс өзенінің 33 шақырымы тазартылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында батпаққа айналу алдында тұрған өзен тармағы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Подстёпка өзені арнасының 33 шақырымы тазартылды», - деді Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасынан.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған жұмыс жаһандық экологиялық жоба аясында істелген. Жоба туралы деректі фильм түсірілген.

«Су қоймасын құтқару керектігі туралы сарапшылар мәлімдеген. Ертіс өзенінің негізгі тармағы батпаққа айналу алдында болған, онда жыл сайын су ресурстарының жеткіліксіз шығындалуы салдарынан су деңгейі төмендей бастаған», - деп нақтылады басқармадан.

Мамандардың айтуынша, су деңгейінің төмендеуінен суармалы егіншілік шаруашылығының жұмысына зиян келген. Жобаны жүзеге асыру 2020 жылы басталды.

Авторы: Антон Гагарин