Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
Қ. Жұмановтың айтуынша, күдіктілер 22-24 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар. Олар бұзақылық ниетпен жәбірленушіге үйінің жанында ешбір себепсіз дене жарақаттарын келтіріп, бой тасалаған.
Қазіргі уақытта ұсталғандар қамауға алынды. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.