Павлодар облысында қант қызылшасы отырғызылады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ертіс өңірінде болашақ қант зауытына шикізат базасын дайындау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыс әкімі Павлодарда JohnDeere маркалыауылшаруашылық техникаларына қызмет көрсететін сервистік орталық салудыжоспарлап отырған «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС өкілдерімен кездесу кезінде мәәліметті.

Болат Бақауовтың айтуынша, қызылша отырғызуға арналғантұқымдар KWS неміс компаниясынан алынады. - Әдеттегідей, тәжірибелік отырғызукезінде біздің бірнеше шаруа қожалықтары бір гектар жерге қызылша еккен кездекішігірім техникалық қателіктер жіберілді, бірақ бұл жұмыстың бүгінгінәтижелері жақсы, - деді өңір басшысы. – Қыркүйек айында біз бір тамырдақылының қанша салмақ болатынын, сондай-ақ өсірілген қызылшадағы қант мөлшерінанықтаймыз. Келесі жылы400 гектар қант қызылшасын отырғызатын боламыз.

Еске салайық, осылайша Павлодар облысында таяу жылдарыіске қосылуы жоспарланған қант зауыты үшін шикізат базасын дайындау басталды. Зауыт жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінресейлік «БМА Руссланд» компаниясы дайындады. Инженерлік желілерге қосылудыңтехникалық шарттары алынды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттамаәзірленуде.